ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
14-02-2018 09:59
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Павлодар қаласының № 35 сәбилер бақшасының негізінде «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ұсақ қол моторикасын дамытудағы қағаз пластиканың мәні» атты қалалық семинар өтті. Семинарға мектепке дейінгі топтарда жұмыс істейтін 50 тәрбиеші педагог қатысты.

Қалалық бақшалардың педагогтарына «Сиқырлы қағаз» атты бағдарлама бойынша бақшаның тәжірибесі ұсынылды. Жоғары санатты тәрбиеші Валентина Владимировна Усатенко вариативтік бағыты бойынша «Сиқырлы қағаз» атты бағдарламасын көрсетті. Оригами, квилинг, айрис-фолдинг, папье-маше, мозаика, торцевание сияқты қағазбен жұмыс жасау практикалық сабақтары өткізілді.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде педагог Айгерім Достова ортаңғы топта «Аққала» тақырыбында оқу қызметін көрсетті. Педагог Марина Степаненко педагогтармен «Волшебная петелька» әдісімен гүлшоғын жасау бойынша  шеберлік-сыныбын өткізді. Ал балабақшаның әдіскері Раушангүл Мұқышева семинар қатысушыларымен «Хабарландыру» креативті іскерлік ойын өткізді. Семинар қатысушылары іс-шара барысында қағазбен жұмыс жасау әдістерін меңгеріп, жаңа инновациялық технологиялармен танысты.

Семинар соңында әдістемелік нұсқаулар берілді.