ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу
14-02-2018 12:30
Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

2018 жылдың  1-ші ақпаннан 12-не дейін  Павлодар қаласының барлық мектептерінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты декадасы өтті. Мақсаты - балалардың және жастардың рухани-адамгершілік жүйесін дамыту, адамдық құндылықтардың әлеміне оқушыларды тарту болады. Декадада 2 - 10 сыныптардың 5 000 астам оқушылары қатысты.

1 ақпанда салтанатты жиынымен декаданың ашылуы өтті. Мектеп кітапханаларында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметі туралы, оқушылар мен мұғалімдерге көмекке адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу бойынша «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырылды.

Шығармашылық күні «Ана, отбасы, жақсылық, бейбітшілік пен достық туралы», «Жас қалам» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі көрсетілді. Оқушылар өз суреттері мен кол жұмыстарын, сонымен бірге өз шығарылған өлеңдерін көрсетті.

Ізгі тілектер поштасының ұйымдастырылуы жарқын оқиға болды. Барлық сыныптардың оқушылары өз мұғалімдеріне, жолдастарына, сыныптастарына тілектерді жазып қатысты.

2 - 8 сынып оқушылары арасындағы «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысында оқушылар С. А. Назарбаева, ана туралы атақты ақындар және өз ойынан жазылған өлеңдерін оқыды. Жоғары сынып оқушылары патриотизм, адамгершілік, мейрімділік туралы дебаттарға қатысты.

9 ақпанда «Доброта - солнце, согревающее сердце человека», «Мейрімділік - асыл қасиет», «Өнеге - отбасынан», «Кәусар бұлақ тұңығынан», «Қызығы толы бұл әлем», «Утро радостных встреч» тақырыптар бойынша ашық сабақтар өткізілді.

№ 4 мектепте 1- 4 сынып оқушыларының арасында «Ән – көңілдің ажары» әндер фестивалі өтті. № 25 мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері «Жақсылық - жан жадыратады» атты жоғары сынып оқушылары арасында пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. №13 мектеп оқушыларына азаматтық ұстанымды көтеру үшін «Клуб Добряков» қоғамдық бірлестігімен кездесу ұйыдастырылды.

Декадада  № 1, 9, 11, 12, 15, 16, 18, 19, 20, 21, 23, 25, 26, 27, 34, 36, 42, Жетекші ЖОМ оқушылары белсенді қатысып, мектеп сайттарында көрсетілді. Декаданың ең маңызды, қызықты оқиғалары № 1, 7, 13, 14, 17,  21, 22, 23, 26, 33, 36, 41 ЖОМ Instagram интернет платформасында ұсынылды.

Мектептерде «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы» жалпы сабақтарда  декаданың қорытындысы жасалынды, шығармашылық сайыстарының жеңімпаздары мадақтамалармен, белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.