ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ауған әні» қалалық фестивалі
15-02-2018 10:07
«Ауған әні» қалалық фестивалі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар облысының және Павлодар қаласының ауған және басқа жергілікті соғыс ардагерлері» қоғамдық корымен бірлесіп  Ауғанстаннан Кеңес әскерлерді шығаруға XXIX жылдығына арналған «Ауған әні» қалалық фестивалі өткізілді. Мақсаты - белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық рухында жас ұрпақты тәрбиелеу, әскери-патриоттық әнге қызығушылықтарын арттыру болады.

2018 жылдың 13, 20 қаңтарда, 3 ақпанда іріктеу кезеңдерінде № 24, 30, 36 ЖОМ Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің  5 - 11 сыныптың 40-тан  астам оқушылары қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша  № 1, 4, 5, 9, 14, 18, 21, 26, 30, 34, 36, 37, 40, 43 ЖОМ 14 үздік орындаушылары 2018 жылғы 10 ақпанда «Достық» концерт залында ақтық кезеңі гала-концертінің қатысушылары  болды.

Ақтық кезеңінің салтанатты ашылуы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С. Н. Мұқановтың қатысуымен өткізілді. Концерт залында ауған ардагерлері отбасылармен, қарулы күштер ардагерлері, оқушылар, ЖОО және колледждердің студентері, қала тұрғындары қатысуымен өтті. Барлық қатысушылардың орындалуы дауыл шапалақпен  өтті.

Конкурстың корытындысы бойынша қазылар құрамының «Павлодар облысының және Павлодар қаласының ауған және басқа жергілікті соғыс ардагерлері»  КҚ төрағасы Байғабыл Нұртайұлы Майкотовпен «Салам, Бача» әніне № 30 ЖОМ 9 сынып оқушысы Роман Новосельцевке гран – при берілді, музыкалық жетекшісі Оксана Юрьевна Ягала.

I орынды «Айған қасіреті» әнін орындау үшін  №37 ЖОМ «Жас толқын» тобының оқушылары алды, музыкалық жетекшісі Гауһар Әбдыкешқызы Исакова.

II орынды  «Верните память» әнін орындау үшін № 9 ЖОМ оқушылары Даша Чмырь, Юлия Ляхова алды, музыкалық жетекшісі Анастасия Сергеевна Шевелева.

III орынды «Журали» әнін № 40 ЖОМ оқушылары Данил Демин, Михаил Дунаев (музыкалық жетекшісі Ольга Жанаталаповна Ивашкина) және «Офицерские жены» әнін Анжела Азизова № 5 ЖОМ оқушысы (музыкалық жетекшісі Үміт Қожақызы Акимбекова) орындау үшін алды.

Барлық жүлдегерлер және гран-при иегері грамоталармен және бағалы сыйлықпен марапатталды. «Жас толқын» тобы және Роман Новосельцев Ауғанстаннан Кеңес әскерлерді шығаруға XXIX жылдығына арналған салтанатты жиында 15 ақпанда «Шаңырақ» облыстық мәдени-демалыс орталығында әндерімен сахнаға шығады.