Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-нің спорт кешеңінде 2018 жылғы ақпанның 13-і күні «Скажи жизни - Да» атты волейболдан серіктестік турнир өтті. Қатысушылары мұғалімдер командасы мен 9 - 11 және 8-сынып оқушылары қатарынан құрылған 2 команда болды.
Турнир қатысушылары қызықты да спорт жағынан құмар ойын көрсетіп жанкүйерлердің ду қол шапалақтарына ие болды. Ойыншылардың пікірі бойынша осындай іс-шаралардың өтуі тек спорт пен дене тәрбиесін насихаттап қоймайды, сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстануға, ұжымдық рухты, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Өткен ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жоғары сынып оқушыларынан құралған команда жетті. Үздік ойыншылар мадақтамалармен марапатталды.
Ұстаздар мен білім алушылар арасында өтетін жарыстар жақсы дәстүр болып қалыптасып, жылсайын ұйымдастырылатын болды.