ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық мұғалімдерінің пән олимпиадасы
16-02-2018 11:38

2018 жылдың 23 ақпанында Павлодар қаласы жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің пән олимпиадасы Павлодар қаласының № 28 ЖОМ өткізіледі.

Мақсаты - педагогтердің ғылыми-әдістемелік, кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерінің деңгейін анықтау үшін  қажетті жағдай жасау, шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, кәсіби шеберлігінің деңгейінің  уәжін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау және марапаттау,  мұғалім мамандығының абыройын көтермелеу болады.

Олимпиадада шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатысады. Қалалық олимпиада бір кезеңде 12 пән бойынша (қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінен, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, бастауыш сыныптар) қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Қатысушылар пәндер бойынша теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындайды. Пәндер бойынша олимпиадалық тапсырмаларды орындау үшін 4 астрономиялық сағат берілген. Тапсырмалардың көлемін 70-100% орындаған қатысушылар жүлделі орындарға үміткер болады.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пәннің жеңімпаздары олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Тел. 61-60-65, 65-05-25, 87776530630,  87783460232

 

Павлодар білім беру басқармасы