ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тау туризмі техникасы бойынша қалалық біріншілігі
16-02-2018 14:50
Тау туризмі техникасы бойынша қалалық  біріншілігі

Тау туризмі техникасы бойынша  қалалық ашық чемпионаты 2018 жылдың 10 - 11 ақпан күндері дене шынықтыру- сауаттандыру бағытындағы  41 ЖОМ спортзалында өтті. Оған №16, 14,41, 4, 29, 13, 36, 39 ЖОМ –нің 100 жас жартасқа өрмелеушілері қатысты, олардың ішінде 80-і Балалар-жас өспірімдердің экология мен туризм орталығының  «СЮТур» балалар аула туристтік клубының тәрбиешілері.

Жарыс Павлодар қаласының  дене шынықтыру мен спорт бөлімі және «Павлодар облысының альпинизм мен  жартасқа өрмеу ферерациясы «АҚ-мен  өткізілді.  17 жасқа дейінгі жастағы оқушылар  жасына байланысты 3 топ бойынша жарысты (11 жасқа дейін, 12-14 жас, 15-17 жас).  Қатысушылар тауға көтерілудің, баурайдың траверсін, тік еңкейген, түскен өткел бойынша түсу және көтеру  имитациясын жасап, шын альпинизм құралдары көмегімен уақытқа кедергілерден өтті.

Дистанцияның күрделілігі бұдан басқа әр  топқа Шартты Зардап шеккен (баллон) қосылып, оған спортшылар алдымен алғашқы медициналық  жәрдем көрсетудің имитациясын жасады да, кейін ереже бойынша Оны алғашқы жағаға тасымалдады.

Нәтижесі бойынша командалық жарыста 11 жасқа дейінгі топта ІІ орынға  «Вертикаль-2» клубы, ІІІ орынға - «СЮТур» клубының  «Усольский меридиан» иеленді.

12 - 14 жасты топта командалық жарыста І орынға «Усольский меридиан» командасы, ІІ орынға - «Усолочка» командасы, ІІІ орынға - «СЮТур» клубының  «Вершина» командасы иеленді.

15 - 17 жасты топта командалық жарыста І орынға «Пирамида» командасы, ІІ орынға - «Вершина» командасы, ІІІ орынға - «СЮТур» клубының  «Вертикаль» командасы иеленді.

«Вертикаль», «Эдельвейс», «Пилигрим», «Усольский меридиан», «Вершина» және «Пирамида» клубтарының мүшелері әр түрлі конкурстардың тұрақты қатысушылары болып, облыстық және республикалық жарыстарда жеңеді.