ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық сараптау кеңесі № 36 мектепте
16-02-2018 17:13
Қалалық сараптау кеңесі № 36 мектепте

2018 жылғы 15 ақпан күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптау кеңесі отырысында 5 жылға экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ инновациялық қызметінің қорытындысы шығарылды.

Сараптау кеңесі отырысында қала мектептері директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Мектеп директоры З.Д.Ахмадова экологиялық білім беру бойынша мектептің жұмыс жүйесін ұсынды, эксперимент аясында мектеппен іске асырылатын, жобалармен таныстырды.

«Оқушылардың экологиялық білімінің мектептің оқу-тәрбие процесінің тиімділігіне әсері» баяндамасымен директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н. В. Копыльцова сөйледі. Сараптау кеңес мүшелерінің назарына оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесі бойынша мекеме жұмысының талдауы, педагогикалық және оқушылық ұжымның жетістіктері мен нәтижелері ұсынылды, мектептің одан әрі даму жолдары белгіленді.

Тәжірибелік бөлімде жоғары оң баға алған, биология, орыс тілі, экологиялық-экономикалық арнайы курс бойынша ашық сабақтар ұсынылды. Биология мұғалімі М. Б. Джавадова дайындаған, «Адам генетикасы» сабағы ерекше атап өтілді. Осы сабақ ағылшын тілін, АКТ-технологияларын, «Kahоot» қосымшасын, терминологиялық сөздіктерді қолданумен өткізілді.

Кеңес мүшелері «Мектептің экологиялық соқпағы» экскурсияда экологиялық мұражай жұмысымен танысты, қоқысты бөлек жинау бойынша эко-бекет жұмысын, сәндік гүлдерден жасалған мектеп жылыжайын жасау бойынша жұмысты көрді.

Жұмыс күні қорытындысы бойынша сараптау кеңес мүшелері экологиялық тәрбие бойынша мектептің жұмыс тәжірибесін қала деңгейінде жалпылау ұсынылды.