ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық ғылыми жобалар сайысының қортындысы
16-02-2018 20:03
Республикалық ғылыми жобалар сайысының қортындысы

8 - 11 сынып оқушылары арасында қорытынды кезеңінің республикалық ғылыми жобалар сайысында облыстың жалпы білім беру, мамандандырылған мектептерінің 58 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 5 оқушысы, қалалық, облыстық жарыстардың, онлайн-тестілеуідің жеңімпаздары Павлодар облысының намысын қорғады. Сайыс  2018 жылдың 13 - 18 ақпан күндері Алматы қаласында өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Мельник София І орын иеленді. София тіл білімі секциясында бүгінгі күні өзекті болып табылатын қазақ саяси дискурсындағы «Терроризм тұжырымдамасы» тақырыбын жоғары деңгейде қорғай білді.

София, «Worldscholar`scup» (2017) халықаралық конкурсының жеңімпазы, 5 алтын және 7 күміс медаль иегері, дебаттар бойынша жеке кубогының иегері. Ол республикалық  «Туған жерім-алтын бесігім» суреттер сайысының жеңімпазы (2017 жыл), Қазақстан тарихы пәнінен ҚИО интернет-олимпиадасының жеңімпазы  (2017 жыл). Облыстық көптілділік бойынша және 2017 жылғы қазақ тілінен пәндік олимпиадаларының жүлдегері.

Химия секциясында Павлодар қаласының оқушыларынан екі жоба ұсынылды. № 13 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Узканова Маргарита «Табиғи және жасанды бояғыштар» тақырыбын қозғаса, № 20 мектеп лицейінің 9 сынып оқушысы Свидерский Илья «Павлодар қаласының негізгі көкөніс дақылдарының құрамындағы мыс және мырыштың үлесі» тақырыбын қорғады.

Биология секциясына да екі жоба ұсынылды. № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шумакова Майя «Павлодар облысына сирия ангуриясын енгізу» тақырыбында болса, № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шотова Аида «Жасанды жағдайда Артемия салинаны өсіру тиімділігі» тақырыбын қорғады.

Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.