ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-конкурстың қорытындысы
19-02-2018 11:18
«Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-конкурстың қорытындысы

М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында 15 ақпан күні «Ақ шағала» «Mega Dance - 2018» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі өтті. Павлодар облысының қалалары мен аудандарының 32 ұжымы сахна төрінде заманауи, халық биі және халықтық стилизацияланған бидің түрлерін көрсетті.

Конкурсқа облыстың мектеп тәрбиеленушілері мен мектептен тыс би ұжымдары, 11 - 17 жас аралығындағы өңірлік конкурстардың жеңімпаздары қатысты. Бишілер әр түрлі жанрда өз шеберліктерін ортаға салды. Бұл күні Оқушылар сарайының үлкен сахнасында 52 би нөмірі ұсынылды. Би байқауында нөмірді көркем безендіру, бейнелі көркемдік, би драматургиясы, бидің «суреті» бағалау өлшемдері болып табылды.

Қазылар алқасы орта және жоғары жас ерекшелік санатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

I дәрежелі дипломмен жоғарғы жас ерекшелік санатында «Белорусская плясовая» ұлттық биімен Павлодар қаласының № 34 ЖОМ-нің «Жаур Аначак» би ансамбілі жеңіске жетті. Орта жас ерекшелік санатында жеңіс қазақ биі үшін Павлодар қаласының № 35 ЖОМ табысталды.

II орынды жоғарғы жас ерекшелік санатындағы «Венгерский» стилді халық биі Павлодар қаласының №40 ЖОМ бишілері орындауында жеңіске жетті.

III орынды жоғары санаттағы қатысушылар арасында би ұжымы «Из прошлого в настоящее» № 29 ЖОМ және «Соловушка» атты биін № 9 ЖОМ ұжымдары бөліп алды.