ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Экологиялық марафон Павлодар қаласында бастау алды
19-02-2018 18:10
Экологиялық марафон Павлодар қаласында бастау алды

Экология Жылы аясында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының мектептерінде «Таза шалғындар», «Таза жағалау» экологиялық науқандары бойынша экологиялық марафон басталды, тұрақты орман тәлімбағын жасау бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Облыстың оқу мекемелері, медициналық ұйымдар, мәдениет және спорт мекемесі үміт болып табылатын, содан кейін кәдімгі көпқабатты тұрғын үйлерде қолдау мен жалғасын табатын, қоқысты бөлек жинау бойынша жұмысқа бастамашылық жасады.

Алғашқылардың бірі болып экологиялық эстафетаны Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы ЖОМ қабылдады. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Саян Назымұлы Мұқановтың, қалалық мәслихат депутаты, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы Нұрлан Қаукенұлы Касимовтың, Павлодар облысының жерқойнауын пайдалану, қоршаған орта жәнесу ресурстары басқармасы басшысының орынбасары, Айгерім Жанбиртайқызы Қабылтаеваның, облыс мәслихаты аппаратының маманы Майгүл Нұртайқызы Сүлейменованың, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Шаяхметқызы Қадырбаеваның, Павлодар қаласының балалар-жасөсіпірімдер туризмі және экология орталығының басшысы, Салават Ботпаевич Сейткановтың қатысуымен, 2018 жылғы 19 ақпан күні мектепте «Мектеп қоқысты бөлек жинау үшін» эко-бекетіне старт берілді.

Қонақтарға № 36 мектептің бірегей экологиялық мұражайы бойынша экскурсия өткізілді, мұнда «Ғаламдық экологиялық мәселелер», «Атмосфера жағдайы», «Су ресурстары», «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс», «Минералдар мен тау жыныстарының жинақтамасы», «Павлодар облысының өсімдіктер әлемі мен жанауарлар әлемі», «Мектептік экологиялық қозғалыс», «ЭКСПО - 2017» экспозициялары ұсынылған.

 «Мектеп қоқысты бөлек жинау үшін» эко-бекеті - бұл, ең алдымен, облыс мектептерінің оқушыларына арналған оқыту жобасы. Оның негізгі мақсаты балаларды қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру, балалар мен жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады.

Балаларға өз өлкесі экологиясының сақталуына күш жетерлік үлес қосуларына мүмкіндік берілді. Ол үшін облыс мектептерінде қағаз, пластик және тетрапакқа арналған бөлек қоқыс жинағыш-контейнерлері орнатылды. Нәтижесінде, балалар тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ үйде қоқысты сұрыптауды үйренеді.

Эко-бекеттің іске қосылуына байланысты облыс мектептерінде қоқысты сұрыптау бойынша сынып сағаттары өткізілуде, үгіт жұмыстарын өткізетін экологиялық жасақтар ұйымдастырылды.

Әрі қарай кәдеге жарату,пластик қоқыстарын «Арнайы машиналар автобазасы» ЖШС қызметкерлерімен шығарылуын көздейді, ал жиналған қағаз макулатураны қабылдау бекеттеріне тапсырылатын болады. Алынған қаражаттар кабинеттерді және мектептің орман қорын көгалдандыруға жіберіледі.