ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балауса» байқауында ерекше жанр
20-02-2018 09:49
«Балауса» байқауында ерекше жанр

2018 жылы 15 ақпанда Павлодар қаласы № 7 ЖОМ  Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  «Балауса - 2018» қалалық балалар шығармашылығы фестивалінің «Ерекше жанр» II  кезеңі  өткізілді.

Фестиваль мақсаты - шығармашылықтың әртүріне баулу, таланттарын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін қолдау және ынталандыру.

Турға қаланың жалпы білім беру мектептерінен 73 аса оқушы қатысты. Өз шеберлігін қатысушылар 5 жанрда ұсынды (гимнастика,  акробатика, пантомима, пародия және сиқыр). Сахнада бишілер мен вокалистерді көруге үйренген көрермендер үлкен қызығушылықпен ерекше нөмірлерді бақылады.

Ашық нөмірлерді орындауда қатысушылар өздерінің иілгіштерін, сұлулығын және әртістілігін көрсетті. Жақсы таңдалған әуен, әдемі костюм және грим әртістің тиімді орындауын күшейтеді. Хореография және сахналық көрініс сәйкестігінде от шашу және ұмытылмас көрініс орындауында қатысушылардың талантын және қабілетін көрсетті.

«Ерекше жанр» «Балауса - 2018» қалалық балалар шығармашылығы фестивалінің 2-ші турында № 7, 9, 19, 21, 25, 28, 29, 34, 43 мектеп оқушылары  лауреат  атанды.