ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте «Менің сүйікті ұстазым» атты науқаны басталды
20-02-2018 16:19
Мектепте «Менің сүйікті ұстазым» атты науқаны басталды

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар қаласы № 1 ЖОМ 2018 жылдың 18 ақпан күні Instagram парақшасында (#сош1pvlлюбимыйучитель#павлодар#сош1#спасибоучителю) хештегімен «Менің сүйікті ұстазым» атты  науқаны бастауын алды. Мақсаты - мұғалім мамандығының қадірін арттыру, қоғамда мұғалімнің позитивтік беделін, мұғалім еңбегінің құндылығы мен маңыздылығын қалыптастыру.

Науқан бастамашысы мектеп директоры Азамат Жанайдарұлы Сыздыков. Науқан 10 - 11 сынып оқушылары бастай отырып, өткен жылдардағы түлектердің қолдауымен жалғастырылуда. Науқанның алғашқы күнінің нәтижесі 50-ден аса жарияланым мен 1000-нан астам лайкқа жетті.

Біздің мектеп оқушылары мен түлектері осы шара аясында өздерінің сүйікті мұғалімдеріне ерекше жылулық, сүйіспеншілік, құрмет және алғыс айтып, олардың мектеп қабырғасында оқушы болған кездеріне ой жүгіртуде.

«Мектептерде қоңыраулар сыңғыры, үзілістерде балалардың күлкісі естіліп тұрғанда, ең беделді мамандықтардың бірі жоғалып кетпейтіндігі даусыз,мұғалімдер қай кезде болмасын оқушылар жүрегіне білім нұрын себеді», - деп жазды осы мектептің 2011 жылғы түлегі Балпекова Эльмира.

2013 жылдың түлегі Прохоренко Александра  мұғалім мамандығы қашан да ең құрметті, сонымен қатар қиындығы мол, мәртебелі мамандық болып қала беретіні, өзінің тәжірибесін  үлкен өмір жолына аяқ басқан жас ұрпаққа үйрете білу -  бұл дарындылықты қажет ететіні туралы ойын білдірді.

«Өскелең  ұрпаққа бағытталған бұл жүйелі, мақсатты жұмыс «ұстаз» мамандығы туралы көзқарасты өзгертіп, жоғары сынып оқушыларын жас мұғалімдер қатарына тарту мүмкіндігі тартады. Оқушының  болашағына дұрыс бағыт беруде, сонымен қатар тіпті мемлекеттің  қалыптасуына  да мұғалімнің  еңбегі зор деп асқан  сеніммен айтуға болады», - дейді Азамат Жанайдарұлы.