ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық фестиваль-конкурсының бас жүлдесі
21-02-2018 12:15
Халықаралық фестиваль-конкурсының бас жүлдесі

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары 2018 жылғы 18 ақпанда балалар, жастар және ересектер шығармашылығының «Арт-Созвездие» І халықаралық фестиваль-конкурсына белсенді қатысты.

Конкурс вокал, аспаптық шығармашылық, ұлттық ән айту, бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, шынайы жанр, сүйемелдеуші шығармашылығы (педагог, педагог және оқушы) номинациялары бойынша өткізілді.

Музыка мектебі конкурсқа «Аспаптық шығармашылық» номинациясына қазақ ұлттық аспаптар, шекті аспаптар және фортопиано бөлімдерінің 23 оқушысын ұсынды.

Конкурс қорытындылары бойынша Хамит Ниязбек, Кусаинова Аружан (домбра), педагогы Берик Кошанбаевич Ишанкулов, Исамбаева Тамила (қобыз), педагогы Гульмира Зетхановна Тезекбаева, Волошанина София, Скорикова Мария (фортепиано), педагогы Мира Борисовна Зверева, «Гварнери» шекті аспаптар ансамблі, жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук, сүйемелдеуші Наталья Васильевна Ерисова бас жүлде иегері атанды.

І орынды конкурстың лауреаттары Кеңес Жансая (домбра), педагогы Берик Кошанбаевич Ишанкулов, Омарова Эльнара (қобыз), педагогы Гульмира Зетхановна Тезекбаева жеңіп алды.

Конкурс облыстық «Шаңырақ» ұлттық шығармашылық және мәдени-ойын сауық орталығында өтті. Конкурстың ұйымдастырушысы Астана қаласының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен халықаралық «Қазақстан таланттары» шығармашылық жобасының қозғалысы болып табылады. Конкурсқа Павлодар облысының және Астана қаласының 4 - 57 жас аралығындағы 430-дан аса конкурсқа қатысушысы қатысты.