ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте театралдық шығармашылықты дамыту
23-02-2018 09:24
Мектепте театралдық шығармашылықты дамыту

Павлодар қаласының № 41 ЖОМ оқушылары 2018 жылғы ақпанның 20-сы күні «Театрдың ғажайып әлемі» атты І Республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне қатысты. Байқау М. Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында өтті, оған жалпы орта білім беру мектептер мен Екібастұз, Ақсу, Павлодар, облыс аудандарының қосымша білім беру ұжымның 14 балалар театры қатысты. Мақсаты - балалар мен жастардың театралдық шығармашылығын дамыту мен қолдау.

№ 41 мектептің «Радуга» атты театралды студиясы В.Бурыличевтың пьесасы бойынша «Ничегошик» спектакльін ұсынды. Оқушылар Терешок Егор, Шарапиденов Диас, Рыбалко Евгения, Антошкин Олег (9 сыныптар), Варина Вероника (6 сынып), Столяров Игорь (5 сынып) қойылымда Ничегошиктың, Жалмауыз кемпірдің, Горыныч жыланның, Горох патшаның, Қызыл Телпектің және сарбаздың рөлдерін сомдады, студия жетекшісі Билая Марина Евгеньевна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Фестивальдің қорытындысы бойынша «Радуга» студия ұжымы ІІ дәрежелі дипломмен және естелік кубокпен марапатталды. Студия қорында бұл алғашқы марапаттау емес. Оқушылар қалалық «12 школьных мгновений» (2015 жыл) байқаудың және облыстық «Балауса» (2013 жыл) фестивальдің лауреаттары болып табылады. Студия мектепте 2008 жылдан бастап жұмыс жасауды.