ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің жаңарту бағыты
23-02-2018 16:14
Мектептің жаңарту бағыты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптама кеңесімен 2018 жылғы 22 ақпан № 11 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің инновациялық жұмыс қорытындысы шығарылды.

Мектептің инновациялық қызметі бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ирина Юрьевна Юрчик есеп берді. Мектеп жұмысының негізгі аспектілері презентациясында алдын ала ағымдық тәртіптегі бейіндік даярлықты іске асыру бойынша оқытудың жоғарғы бейіндік сатысындағы жұмыс жүйесі, инновациялық қызметтің негізгі бағытындағы нәтижелер ұсынылды, одан әрі жұмыс жасау бағыты анықталды.

Инновациялық қызметтің тәжірибелік бағытында 7 - 9 сынып параллельдері бойынша бірінші ағым оқушыларына  ашық сабақ берілді. Барлық сабақ жобалық технология тәртібінде өткізілді, өтілген тақырыптардың проблемалық сұрақтары негізге алынды. Мектеп оқушылары АКТ қолданудың құзіреттілік дағдысын көрсетті. Геометрия сабағында фигураларды сипаттайтын «Живая геометрия» бағдарламасы тиімді қолданылды. Сабақты талдау қорытындысы, кеңес беру жағынан жағымды баға қойылды.

Семинар бағдарламасында ағылшын тілі элементтерімен 5 сыныпта «Қызықты биология» арнайы курс бағдарламасының вариативтік бөлімі, 3 гимназиялық сыныпта «Біз зерттеуші» клубының отырысы аясында жұмыс жүргізілді. Клуб отырысында оқушыларды зерттеу қызметіне дағдыландыруға дамыту бойынша жұмыс жасалды.

Сараптама кеңесінің пікірі мен ұсынысымектеп әкімшілігіне жұмысты одан әрі жүргізу жолдарын ашуға, алдын ала дамыту жоспарларын құрастыруға мүмкіндік берді.