ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Орыс тілі сабақтарында сандық білім беру ресурстарының қолдануы
26-02-2018 11:46
Орыс тілі сабақтарында сандық білім беру ресурстарының қолдануы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 20 лицей-мектебінде «Орыс тілі сабақтарында және сыныптан тыс жұмысы  кезінде сандық білім беру ресурстарын қолдану» атты әдістемелік семинар өткізді. Қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің орыс тілі мен әдебиет мұғалімдерінің отырысында оқушылардың шығармашылық және сыни ойлауды, зерттеу мен ақпараттық-комммуникативтік  дағдыларын интербелсенді ресурстар, деңгейлік тапсырмалар, саралап оқыту арқылы сабақта дамыту мәселесі талқыланды.

№ 20 лицей-мектебінің орыс тілі  мен әдебиет мұғалімі Макишева Вера Александровна сабақта сандық білім беру ресурстарды қолдану және білім беру үрдісін қызықты саяхатқа айналдыру арқылы ұстаз бен оқушы интербелсенді контенті жеке және бірлесе қолданатыны туралы өзінің жұмысының  тәжірибесімен бөлісті. Ол  орыс тілі мен әдебиет пәндерінен әртүрлі тақырыптарға  сандық білім беру ресурстарының жиналған қорымен таныстырды, әріптестеріне қолдану үшін ұсыныстар жасады. Педагогтардың  тәжірибесінде пайдалану үшін жинақталған банк қорында аудиожазбалар коллекциясы, кең медиатекасы бар (фото, мәтіндік материалдары, әлемдік әдебиет және өнер шығармаларының коллекциясы). Олардың негізінде оқушыларлар ақпараттық  кестелерді, презентацияларды, бейнелерді, мәтіндерді жасауды үйренеді. Сыныптан тыс жұмысында бұл материал  «Мәңгілік ел» идеясының  негізгі құндылықтарын қалыптастыру үшін  пайдалануға болады.

Орыс тілі мен әдебиет лицей-мектебінің мұғалімі  Любовь Ивановна Фрик көп деңгейлік тапсырмаларды, интербелсенді тапсырмаларды құрастыру, білімдерін тексеру үшін тесттер мен ресурстар  арқылы саралап оқытуды қолдануы  бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, шебер сағатын өткізді. «Орыс тілі сабақтарында көп деңгейлі тапсырмаларды  пайдалануы» әдістемелік-дидактикалық құралының және «Әдебиеттануға кіріспе»  арнайы курс бағдарламасының әзірлеуші ретінде, мұғалім  оқушылардың  сабақта және үй тапсырмаларын орындау кезінде қолданатын әртүрлі  тапсырмалар банкін ұсынды.

Лицей мұғалімдері «Smart мектебі», Bilimland, iTest және iMektep, infourok порталын, «Энциклопедия» жобасын, «Арзамас», «Ақылды мектеп»  ресурстарын және тағы да басқаларын пайдалану жолдарын көрсетті.

Семинар қатысушыларына жұмыста  сандық білім беру ресурстарын пайдалану туралы ұсыныс материалдары берілді.