ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қазақстан – сыбайлас жемқорлықсыз ел» үгіт бригадаларының ойын-сайысы
26-02-2018 16:44
«Қазақстан – сыбайлас жемқорлықсыз ел» үгіт бригадаларының ойын-сайысы

2018 жылғы 23 ақпанда Павлодар қаласының № 13 ЖОМ-де «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» барысында Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің бас маманы А. Ш. Таржақаеваның қатысуымен «Қазақстан - сыбайлас жемқорлықсыз ел» атты  үгіт бригадаларының ойын-сайысы өткізілді. Мақсаты–құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті, аса өнегелікті, жауапкершілікті, әлеуметтік құзыреттілікке және патриоттыққа тәрбиелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім алу және ақпарат жинау үшін жағдайлар жасау.

Сайысқа  30 жуық оқушылар құрамымен 5 үгіт бригадалары қатысты № 13, 9, 17, 24 ЖОМ, Павлодар технологиялық колледжінің І-ші курс студенттері.

Топтар ойын-сайысы тәсілінде таныстыруларын  «Біз мектептенбіз.....», үй тапсырмасы «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Халық даналығы нені нұсқайды» деген мақал-мәтелдер сайысында білімдерімен жарысты және көркем сурет «Жарнамалық  антикорупциялық плакат» сайыстарына қатысты.

Ойын-сайыстың қорытындысы бойынша I орынды № 13 ЖОМ үгіт бригадасы, II  орынды № 17 ЖОМ үгіт бригадасы, Павлодар технологиялық колледжі, III  орынды № 24 ЖОМ үгіт бригадасы жеңіп алды. Қатысушылар мадақтамамен  марапатталды. № 9 ЖОМ үгіт бригадасы  алғыс хатпен марапатталды.