ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күніне арналған, Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары арасындағы әскери-спорттық эстафета туралы
26-02-2018 17:18

2018 жылғы 1 наурызда сағат 10.00 де Павлодар қаласының № 16 жалпы орта мектебінде (Айманов көшес3,51) Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күніне арналған, Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары арасында әскери-спорттық эстафета өтеді.

Мақсаты - күш жігерлері мен ептіліктерін дамыту, спорттың әскери-өрт сөндіру қолданбалы түлерін насихаттау, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімдерін дарыту.

Эстафетаға № 16, 27, 13, 11 ЖОМ (6 ер балалар, 1 қыз бала) 10-сыныптарының командалары қатысады.

Эстафета бағдарламасы:

Өртке су себетін түтік құбырды орау (жинау)

Екі қолымен арқанға көтерілу арқанның көмегісіз (екі қолымен ғана)

Зардап шегушіні тасу, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

ОЗК кию (плащты жеңге).

Қаланың жалпы орта мектептері оқушылары үшін арнайы техника мен құрал-жабдықтардың көрмесі өткізіледі.

Эстафета Төтенше жағдайлар басқармасы мен Павлодар қаласы білім беру бөлімімен бірге өткізіледі.

Жүлделі орындар алған командалар, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, жеңімпаз-команда - ауыспалы кубокпен.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі