ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас музыканттардың орындауында қазақ халық музыкасы
27-02-2018 17:50
Жас музыканттардың орындауында қазақ халық музыкасы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2018 жылғы 25 ақпанда «Көктем шуағы» концерті өтті. 60 оқушы мен педагогтың орындауларындағы қазақ ұлттық аспаптар әуенін тыңдауға өнерпаздардың отбасылары, мектептің көптеген достары мен қонақтары келді. Көрермендер залы лық толды.

         Концерт облыстық және халықаралық конкурстарының лауреаттары, «Серпін» домбыра ансамбілінің өнерімен басталды. Олардың орындауларында К. Ахмедьяровтың «Күткенде» күйі орындалды.

         Сахнада домбыра, қобыз, саксофон, баян, сыбызғы, рояль, үндері шығып, көрермендер залын ерекше көңіл-күйге баурап алды. Балалардың сыңғырлаған үндері, оқушылардың орындауларындағы көңілді тентек әндері залға жақсы әсер етті.

Мектеп педагогы Макпал Сагымбаевна Мекежанова және оқушысы Аружан Сейтказинаның өнерлері көрермендерді бей-жай қалдырмады. Олардың орындауларында Соловьев-Седойдың «Подмосковные вечера» әні шырқалды. Жетіген және сырнайдың сыйқырлы әуендері таныс туындының ерекше жаңа орындалуын әдемі сиқырмен баурап алғандай болды.

Концерттің әсерлі нөмірлерінің бірі - Александр Александрович Андрющенконың басшылығымен ұрмалы аспаптар ансамблінің (Аитмагамбетов Тимур,  Домбровский Шандор және Халимон Артём) орындауындағы С. Джоплиннің «Интертайнер» туындысы.

Концерттің шарықтау шегі  қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің (жетекшісі Куаныш Мейрамович Ермекбаев және Нурлан Бакытович Кайшанов) өнері болды. Олардың орындауларында Құрманғазының «Балбырауын» күйі, халық әні «Дайдидау» (жеке орындаушы Аңсар Жолдасбай), А. Огонбаевтың «Маш ботой» әндері шырқалды.

Мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская оқушылар ұлттық музыкалық мәдениетті Ресейдегі халықаралық конкурста орындайтынын атап өтті және көктемгі каникулда Санкт-Петербург қаласында өтетін  «Территория музыки - без границ» халықаралық конкурсына қатысатын домбырашыларға сәттілік тіледі.