ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өз күштерін сынады
28-02-2018 16:02
Өз күштерін сынады

Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына баулу мақсатымен Павлодар қаласының білім беру мен дене шынықтыру және спорт  бөлімдерінің ұйымдастыруымен ақпанның 27-сі күні № 44 сәбилер бақшасында балалар да, ересектер де көп күткен «Көңілді жарыстар» сайысының қорытынды финалды кезеңі өтті.

Сайыс алты қызықты жарыстардан құралды. Олар «Бәйге», «Ең епті», «Үйді құрастырамыз», «Толқын». Бұл жерде құрамында 32 бала бар 4 сәбилер бақшасының командалары ертегі кейіпкерлері  Панда мен Джерридің қатысуымен өз шапшаңдықтарын, күштерін, ептіліктерін көрсетіп, сергектік қуатын  алды.

Тынымсыз күрес нәтижесінде I орынға № 42 мектепке дейінгі гимназияның командасы ие болды,  II орынға № 84 сәбилер бақшасы, III орынды № 29 сәбилер бақшасы иеленді.

         Сонымен қатар, сайыстың номинанттары да анықталды. № 44 сәбилер бақшасының командасы «Ең алғыр команда» атағына ие болды. № 52 сәбилер бақшасының командасы «Жеңіске деген жігер үшін» атағына ие болды.

        № 50 сәбилер бақшасы ерекше таныстыру үшін марапатталды. № 35 және № 44 сәбилер бақшалары жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін еркше ризашылыққа ие болды. Барлық жеңімпаздар мен номинанттар білім беру бөлімінің мадақталарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біздің  кішкентай спортшыларымыз тосын сый мен сыйлықтардан, аннимациялық шоудан керемет әсер алды.

      Тәрбиеленушілерді жоғары деңгейде жарысқа дайындағаны үшін дене шынықтыру нұсқаушылары да ерекше аталды. Олар О. П. Молоков,  А. А. Каштапиева,  Р. А. Жасулан,  А. Т. Есенбеков, С. С. Демченко, Ю. Н. Прокопцова. 

Осындай іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыла жұмыс жасап, бір-бірлерімен қарым-қатынастарын нығайтуға оң әсер етеді.