ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру сапасын арттырудың басты факторы ретінде педагогтердің аттестациясы
01-03-2018 12:08
Білім беру сапасын арттырудың басты факторы ретінде педагогтердің аттестациясы

Аттестаттау комисия жұмысының нәтижесі бойынша Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде қалалық аттесттаттау комиссияның отырысы 2018 жылғы 19 - 23 ақпан аралығында өтті.

Білім беру бөлімінің аттестаттау комиссиямен 795 педагогтердің портфолиолары қарастырылды, соның ішінде 447 педагог жалпы білім беру мектептерінен, 275 мектепке дейінгі және 73 қосымша білім беру мекемелерінен,  шығармашылық және инновациялық әлеуеті, әрекет нәтижесіне талдау жасалынды. Материалдарды қарастыру барысында әрекетінің барлық аспектілері қарастырылды.

Павлодар қаласының білім беру аттестаттау комиссиямен 461 педагогтер  облыстық аттестаттау комиссиясына ұсынылды, солардың арасынан 191 педагог жоғары санатты берілді, соның ішінде мерзімнен бұрын атестатталған 125 педагог тесттілеуден сәтті өтті.

Аттестация қаланың педагогтар корпусының жоғары мүмкіндігін растады және болашақта кәсіби, материалдық өркендеуіне мүмкіндік жасады, заманауи және шығармашылық ізденіске қолдау көрсетті.

Аттестация нәтижелері «мерзімнен бұрын» санатты алуға үміттенген педагогтер санының 10-нан 20% дейін өсуін көрсетті.  Әртүрлі деңгейдегі жарыстарда және конкурстарда педагогтердің белсенді қатысуы, әзірленген әдістемелік-дидактикалық құралдардың санының өсуі белгіленді. Қаланың педагогтер ұжымдарымен біліктілікті арттыруы бойынша жұмыс жүйеленді. Жоғары және бірінші санаттағы педагогтер бөлігінің оң динамикасын көрсетеді. 2015 жылы - 68,3 %, 2016 жылы - 68,5%, ағымды аттестацияның нәтижелері есебімен 2017 жылда - 73%. Осы көрсеткіш бойынша облыста Павлодар қаласының білім беру бөлімі тұрақты  1-ші рейтингті позицияны алады.

Білім беру мекемелерінің аттестаттау комиссияларына 1055 өтініш түсті, соның ішінде өзінің бар санатын растауға 356, екінші санатты иеленуге 218, бірінші санатқа 290, жоғары санатқа 191.

Аттестациялық кампания кезінде білім беру мекемелерінде педагогтарға өз әріптестерімен жұмыс тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігі берілді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірінші және жоғары санатқа аттестациядан өтушілердің педагогикалық қызметіне сараптама жүргізілді. Аттестациялық кезеңде педагогикалық қызмет жүйесінің мультимедиялық презентацияларымен мұғалімдердің 473 шығармашылық есептері тыңдалды. Мұғалімдер аттестациясы шеңберінде қала мектептерінде әдістемелік күндер өткізілді, онда аттестациядан өтуші мұғалімдер өздерінің шығармашылық есептерін, ашық сабақтар көрсетті. Осы кезеңде аттестациядан өтуші мұғалімдермен 381 сабақтар, облыс және қала мұғалімдерінің қатысуымен 24 семинар, қала мұғалімдері үшін 66 шебер-сыныптар, 2 коучинг өткізілді, соның ішіндегі 25 мұғалім жас мұғалімдермен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Павлодар қаласының білім беру мекемелеріндегі  15 педагог облыс деңгейінде педагогикалық жұмыс тәжірибесін жинақтап қортындылады, республика деңгейінде - 8 педагог.