ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас құтқарушылары жарысты
01-03-2018 19:42
Жас құтқарушылары жарысты

ТЖ Басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімімен бірлесе 2018 жылғы 1 наурызда № 16 лицей-мектебінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметері, апаттық медицина орталығының дәрігерлері облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Қызыл жарты ай Қоғамының филиалы өкілдерінің қатысуымен Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары арасында әскери-спорттық эстафета өткізді. Мақсаты - күш жігерлері мен ептіліктерін дамыту, спорттың әскери-өрт сөндіру қолданбалы түлерін насихаттау, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімдерін дарыту.

16, 27, 13, 11 ЖОМ (6 ер бала, 1 қыз бала) 10-сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. АҚ Халықаралық ұйымдардың тарихына құрмет көрсетіп, барлық жеңістерді жас құтқарушылар Бүкіл әлемдік Азаматты қорғау күніне арнаған.

Оқушылар мен қонақтарға арнап Павлодар қаласының Төтенше жағдай басқармасы бастығының орынбасары полковник Қ. Т. Бертібаев, Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицей директоры Т. А. Мигунова, Қызыл Жарты Ай қоғамы Павлодар филиалының директоры Г. М. Исаканова құттықтау сөздерін арнады. Оқушылар үшін апаттық-қорғау техникасы, медициналық қызмет табелді мүлікі, шұғыл-құтқару жасағы, өрт сөндіру қызметі таңыстырылып- көрсетілді. Павлодар облысы бойынша Қызыл жарты ай Қоғамының филиалының өкілдері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету таныстыру ұйымдастырылды.

Осы уақытта мектеп-лицейдің спорт залында мектеп базасында құрылған жас құтқарушы кружоктарының ортасында қызықты жарыс эстафетасы жүргізілді.

Эстафета нәтижесі бойынша ең икімді және шапшан № 16 мектеп-лицейдің жас құтқарушылары болды, № 13 ЖОМ командасы екінші орынды иеленді, № 11 ЖОМ командасы үшінші орынды иеленді. 

Азаматты қорғау күнінін өткізу қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Шараны өткізудегі ең тамашасы эстафетаның «Өтпелі кубок» № 16 мектеп-лицей жеңімпаздарыны қалуы өйткені, олар соңғы 3 жыл бойы жеңілпаз болды.

«Балаларды жеңістерімен құттықтай келе, олармен төтенше жағдайлар аз болғаның тілеймін. Ал онды жағдайлар болған сәттерде өздерін құтқару дағдыларынды қолданындар және «112» құтқару қызметі және шұғыл қызмет телефонына хабарласуды ұмытпаңыздар», - дейді Павлодар қаласы ТЖ басқармасының ТЖ алдын алу тобының бас маманы Р. О. Биахметова.