ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дарынды оқушыларға - талантты ұстаз
02-03-2018 12:58
Дарынды оқушыларға - талантты ұстаз

Павлодар қаласының білім беру бөлімі  2018 жылдың   28 ақпанда  «Дарынды оқушыларға - талантты ұстаз» республикалық сайыстың іріктеу кезеңін өткізді. Мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруде жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиадаға №1, 2, 7, 9,17,18, 21, 22, 24, 29, 34, 39, 40, Жетекші мектептерінің 20 педагогі, дефектолог, аға-тәлімгер қатысты.

Олимпиаданың қатысушылары  тапсырмаларды орындау барысында  кәсіби және ғылыми педагогикалық қызмет деңгейін көрсетті.

Іріктеу кезеңінде сайыс қатысушыларының портфолиолары қаралды, онда өздерінің идеялары немесе жобадағы кәсіби құзыреттілік деңгейі мен жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяларды іске асыруы көрсетілді.

Олимпиаданың қалалық кезенінің қорытындысы бойынша 8 педагог облыстық олимпиадаға ұсынылды - № 7 ЖОМ география мұғалімі Д. Т. Рамазанова, № 9, 21 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері А. Б. Шукитова, М. Т. Жаныбекова, № 17 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі Т. В. Стрикунова, № 29 ЖОМ биология мұғалімі А. Ж. Бекен, № 34 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі  Е. С. Медведев, № 40 ЖОМ  дефектологі  Матай К. Г., № 1 ЖОМ аға тәлімгер  А. И. Прохоренко.

Облыстық кезенінің жеңімпаздары 2018 жылдың 3 - 5 мамырында Семей қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады.