ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы Абайдың шығармаларын оқимыз
03-03-2018 12:21
Ұлы Абайдың шығармаларын оқимыз

Абай оқуларының қалалық кезеңі 1 наурыз 2018 жылы Павлодар қаласының № 22 ЖОМ өткізілді. Мақсаты - мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау,ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқуда 32 жалпы орта білім беру қала мектептерінен  5 - 11 сынып  оқушыларынан 93 оқушы қатысты. Оқулар 4 бағыт бойынша өткізілді.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Осы бағытта І орын иегері – № 7 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ещанова Аружан, ІІ орын - № 38 ЖОМ 9 оқушысы Сатбол Ердос, № 33 ЖОМ 6 сынып оқушысы Темиржанова Мерей, ІІІ орын - № 4 ЖОМ 5 сынып оқушысы Свиридов Кирилл, № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Адылбекова Айым, №25 ЖОМ 5 сынып оқушысы Нұрпейісов Сулейман. Аружан Абайдың 50-ден аса өлеңін жатқа білетінін көрсетті.

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы - әндер мен күйлер орындаушыларының конкурсы. І орын - № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Бекімұрат Әділ, ІІ орын - № 22 ЖОМ 7 сынып оқушысы Айдархан Баян, № 40 ЖОМ 7 сынып оқушысы Хайрол Нұрсұлтан, ІІІ орын - № 35 ЖОМ 5 сынып оқушысы Қайырбек Арай, № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Жунусханова Самал, № 25 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ахметжанова Шолпан. Жас вокалист Әділ «Көзімнің қарасы» әнін орындап, көрермендердің өзінің әдемі дауысымен баурап алды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы - жас дарындар конкурсы. І орын - №12 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кәрібай Нұрбек, ІІ орын - № 33 ЖОМ 11 сынып оқушысы Жұмабай Байтұрсын, № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Усаханова Айсана, ІІІ орын - № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Қуанышбеков Ақтілек, №19 ЖОМ 10 сынып оқушысы Өткенова Дана, № 40 ЖОМ 8 сынып оқушысы Арман Айдынгүл.  Нұрбек  өзі шығарған «Абайды еске алу» өлеңімен Абайдың шығармашылығына деген сүйіспеншілігін көрсетті.

«Ұлылар әлемі» номинациясы- эссе жазу. І орын иегері - № 20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Токенов Торехан, ІІ орын - № 12 ЖОМ 10 сынып оқушысы Әубәкір Асылжан, № 35 ЖОМ 10 сынып оқушысы Жұматай Дариға. ІІІ орын- № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Фазыл Азиз, № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Казбекова Жансая, № 7 ЖОМ 7 сынып оқушысы Толеуова Айым.

Сайысқа қатысушылар ұлы Абайдың шығармашылығын білетінін көрсетті.

Оқулардың қалалық кезеңінің жеңімпаздары 6 наурызда 2018 жылы облыстық кезеңінде қатысатын болады.