ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жеке орындаушылар мен ұжым ансамбльдерінің фестиваль-конкурсы
05-03-2018 11:22
Жеке орындаушылар мен ұжым ансамбльдерінің фестиваль-конкурсы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2018 жылғы 1 - 2 наурыз күндері облыстың 80 жылдығына арналған қаланың балалар музыка мектептерінің шекті-қыл және ұрмалы-үрлемелі бөлімдері оқушыларының XVIII қалалық фестиваль-конкурсы өткізілді. Конкурс музыкалық білім беруді дамыту, оның рөлін балалар тәрбиесінде, оқыту мен шығармашылық дамуында арттыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Екі күн бойы 8 - 17 жастағы 120-дан аса жеке орындаушы мен ансамбль  ұжымдары үздік орындаушы атағы үшін бақ сынасты. Конкурсқа қатысушылардың өнерлерін  қаланың музыкалық мектептерінің басшылары мен музыкалық колледждің оқытушылары құрамындағы қазылар алқасы бағалады.

Конкурстық тыңдалым барысында барлық жас ерекшелік топтарында нағыз шығармашылық жарыс басталды.

Конкурс қорытындылары бойынша конкурстың бас жүлдесінің иегері №1 музыка мектебінің скрипкашылар ансамблі, жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук, сүйемелдеуші Наталья Васильевна Ерисова, № 1, 2 музыка мектептерінің «Классик модерн» дуэті атанды (жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук, сүйемелдеуші Валерий Александрович Семикин), Кайыржан Архат (саксофон), педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой.

I орынды  № 1 музыка мектебінің қатысушылары - ұрмалы-үрлемелі ансамблі, жетекшісі Евгения Михайловна Лысова, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников, жеке орындаушылар - Айтмагамбетов Тимур, Домбровский Шандор (педагогы Александр Александрович Андрющенко), Маскалец Григорий (педагогы Константин Сергеевич Макаров), Ахмедзянова Найля (педагогы Евгения Михайловна Лысова), Домарь Эдуард (педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой), Алин Давид (педагогы Юрий Александрович Халимон), № 2 музыка мектебі - «Sax-music» саксофоншылар ансамблі (жетекшісі Оксана Олеговна Минаева, сүйемелдеуші Валерий Александрович Семикин), Самойлова Агата (педагогы Софья Николаевна Розанова), № 3 музыка мектебі - «Камертон» камералы оркестр (жетекшісі Галина Аркадьевна Марковчина, сүйемелдеуші Динара Сериковна Тастембекова), виолончелшілер ансамблі (жетекшісі Галина Алексеевна Иванкова, сүйемелдеуші Динара Сериковна Тастембекова), «Настроение» фортепиано триосы (жетекшісі Галина Аркадьевна Марковчина),  Хохлов Роберт (педагогы Галина Алексеевна Иванкова).

Қазылар алқасының мүшелері ансамбль ұжымдарының жақсы дайындалғанын атап өтті. Конкурс жеңімпаздарын дайындаған педагогтар мен сүйемелдеушілер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

№ 1 балалар музыка мектебінің басшысы Ольга Леонидовна Бобровская «Әрбір жаңа конкурс - бұл ең бастысы Қазақстанның ұлттық өнерін дамытуға үлкен үміт қойған жас, талантты орындаушылардың жаңа есімдері. Конкурсқа қатысушылардың орындаушылық деңгейі аса жоғары болды. Сондай-ақ, бұл конкурс өздерінің дауыстарымен тамсандырған жарқын, талантты есімдерді анықтады», - деді.