ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Күй тартыс» облыстық конкурсының бас жүлдесі
06-03-2018 10:00
«Күй тартыс» облыстық конкурсының бас жүлдесі

Домбыра тартушылардың «Күй тартыс» облыстық конкурсының финалдық турында 19 финалға қатысушы арасында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің үш жеке орындаушысы қатысты. Конкурс 2018 жылғы 2 наурызда облыстық  М. Катаев атындағы оқушылар сарайында өтті. Конкурстың негізгі идеясы ұлттық дәстүрлерді жалғастыру, ұлттық аспаптар мұрасын сақтау болып табылады.

Сахнада бала кезден таныс және сүйіп тыңдайтын Құрманғазының «Балбыраун», «Сары-арқа», Дина Нүрпейсованың «Той бастар» күйлері орындалды.

Кәсіби, сенімді және эстрадалық ұстамды орындауға оқушы Бақытова Айшатқа Т.Момбековтың «Салтанат» күйін орындағаны үшін қазылар алқасының ең жоғары бағасын - конкурстың бас жүлдесін алуға көмектесті. Айшат өнер көрсеткеннен кейін өзінің педагогы Қуаныш Мейрамович Ермекбаевқа алғыс айтты, себебі педагогтың еңбегі мен шеберлігінің арқасында оған конкурстарда жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі (балалар-жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының «Звёздный листопад» IV республикалық конкурс-фестивалінің бас жүлдесі (2017 жыл), «Музыка весны» халықаралық  конкурс-фестиваль (2017 жыл)). Айшаттың өзі музыканттар отбасында тәрбиеленуде - оның ата-аналары музыка мектептерінің жетекші педагогтары болып табылады.

Жас ақындар жарысы өте тартымды болды. Музыка мектебінің оқушылары Қаратай Нұрбол және Жеңіс Сайя конкурстың сертификаттарын иеленді.