ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
06-03-2018 11:46
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2018 жылғы 5 наурыз күні  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г.Ш. Кадырбаеваның педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қонақтарға № 37 ЖОББМ оқу-материалдық базасы таныстырылды. Білім бөлімінің басшысы қалалық білім беру орындарындағы «Сандық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы және аталған бағдарламаны енгізудің алғашқы пилоттық жобасы № 37 жалпы білім беру мектебінде орнатылған «Smart Павлодар» туралы ақпарат берді.  Қолжетімділіктерді бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ-турникет) және заманауи мұғалімдер бөлмесі - «Teacher Оffice» пен мектеп оқушыларынынң автоматты тамақтану жүйесі де таныстырылды.

Салтанатты кездесуде ардагерлерге қалалық білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыстар айтылып, № 1 Балалар музыка мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, сол сияқты № 37, 16, 23, 24, 26, 34, 41 ЖОМ мұғалімдерінің қатысуымен музыкалық концерт қойылды.

Педагогикалық еңбектің ардагерлері Нина Федоровна Логвиненко және Аштаева Қарлығаш Иргалиевна атаулы мерекелерде әріптестермен кездесулер өткізу дәстүрге айналуда атап өтті. Кездесулерде әріптестер білім саласындағы жаңашылдықтар мен жетістіктер туралы сөз қозғайды. Қонақтар мерекелік көңіл-күйге оранып, өз тараптарынан алғыс білдірді.