ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Әй, жарайсын!» қалалық конкурсының финалы туралы
07-03-2018 10:17

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2017-2018 оқу жылына «Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылы 12 наурызда № 39 ЖОМ Павлодар қаласы мектептерінің өзге ұлт өкілдерінің 7 - 8 сынып оқушылары арасында «Әй, жарайсың» конкурсының финалы өткізіледі, сағат 14.00-де.

Байқау мақсаты –қазақ тілін,ел тарихын және ұлттық салт-дәстүрді білу.

Байқау шарты:

I кезең «Елімнің елеулі оқиғалары» -сәлемдесу

Мақсаты: Өз-өзін таныстыру (ұнайтын, шұғылданатын кәсібі, өмірлік ұстанымы).

II кезең «Капитандар байқауы»

Мақсаты: Капитандардың сөйлеу шешендігі, берілген дайын мәтінді мемлекеттік тілде мазмұндап беруі тексеріледі.

III кезең «Өнерлінің өрісі кең» таланттар байқауы (оқушылардың эмоционалдық мәдениетін, эстетикалық сезімдерін,көркемдік қабілеттілігін дамыту).

Мақсаты: Оқушылардың көркемдік қабілетін, эмоционалдық мәдениетін дамыту.

Бағалау критерийі:

Өзін еркін ұстау,сыртқы көрінісі (ұлттық костюм),сахна рәсімдеу,мемлекеттік тілді білу деңгейі.

Шығармашылық көзқарас, нөмірдің көркемдік рәсімделуі.

Тақырыптың ашылу түпнұсқалығы

Мәтінді мазмұндай білуі

Тел. 322343, 87056099752

Павлодар қаласының білім беру бөлімі