kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3004799
Бір айда212430
Бір аптада45599
Кеше4012
Тәулік7537
К. Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізу туралы
07-03-2018 14:52

2018 жылы 13 наурызда сағат 9.00-де Павлодар қаласы №37 ЖОМ (Ворушин көшесі, 6/2 ) Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қазақ тілінде оқитын 9, 10, 11 сынып оқушыларына арналған К. Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын айқындау, қолдау және дамыту, қазақ тілі және әдебиеті бойынша оқушылардың білімін тереңдету және жетілдіру, патриотизмді,азаматтықты дамыту,ұлттық мәдениетті,дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамыту.

Олимпиада 2 турмен өткізіледі:

I тур –жазбаша – эссе;

II тур –ауызша–қазақ тілін білу,қазақ әдебиетінің шығармалары,

К. О. Бітібаева өмірбаяны,оның ғылыми мұрағаты және баспасөз еңбектері.

Олимпиаданың әрбір кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломмен марапатталады.

Тел.627209, 322343.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі