Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кішкентай жұлдыздар
13-03-2018 10:37
Кішкентай жұлдыздар

«Я - звезда» халықаралық көп жанрлы фестиваль-конкурсына Қазақстан, Ресей, Өзбекстанның әр қалаларынан 5 - 17 жастағы 450-ден аса дарынды бала, оның ішінде Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің 2 оқушысы қатысты. Балалар, жасөспірімдер шығармашылық фестиваль-конкурсы 2018 жылғы 4 наурызда Қазақстанның үздік концерт залдарының бірінде - Астана қаласының «Жастар» жастар сарайында өтті. Мақсаты - әртүрлі ұлттардың ұлттық мәдени мұрасын, кәсіби шебер ұжымдары мен орындаушыларды тарту жолымен шығармашылық әлеуетті дамыту.

Конкурс қорытындалары бойынша  Хамит Ниязбек және Кеңес Жансаяның жеке орындауларында «Аспаптық шығармашылық» номинациясында және «Дуэт» номинациясында І дәрежелі лауреат атанды, педагогы Берик Кошанбаевич Ишанкулов.

Ниязбек домбырада Қазнғаптың «Шыныаяк» күйін, Жансая - «Балбұлақ» халық күйін орындады. Олар дуэт болып А. Райымбергеновтың «Секіртпе» күйін ойнады.

2-сынып оқушылары Ниязбек және Жансая мектеп іс-шараларының белсенді қатысушылары болып табылады.