ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Маррокодағы марапаттау рәсімінің қатысушысы
15-03-2018 20:59
Маррокодағы марапаттау рәсімінің қатысушысы

 

«Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» сайысының жеңімпаздарын ресми түрде марапаттау рәсімі мен жеңімпаздар жұмыстары енгізілген альбомның тұсаукесері 2018 жылдың ақпан айында Маррокодағы ИСЕСКО (ғылым және мәдениет, білім сұрақтары бойынша Ислам ұйымы) штаб-пәтерінде өтті. Еске саламыз, осы «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» альбом-каталогының тысын рәсімдеу үшін, халықаралық қазылар алқасының шешімімен Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 11 жастағы оқушысы Кари на Төлегенованың «Жібек жолы» жұмысы таңдап алынды.

        Ал Карина болса, шығыс экзотикасы мен құпиялы жұмбақ әлеміне, өзінің әжесі Ботагөзбен бірге алыс саяхатқа аттанған.

        Марапаттау рәсімі Атлант мұхитының жағалауында орналасқан (Марроко патшалығының солтүстік бөлігі) Марроконың астанасы Рабат қаласында өтті. Рәсімге 100 ден аса адам қатысқан (соның ішінде әртүрлі Ислам елдерінің білім министрлері бар еді).

        Каринаның айтуы бойынша бастапқыда оларға испан және француз, ағылшын тілдерінде ең қажетті сөздер жазылған қысқа кәртішке-сөздігін таратып берген. Соңынан осы байқаудың барлық жеңімпаздары үлкен залдың ортасына шығып, барлық қатысушылардың қол соғу сый құрметіне бөленген. Артынша оларға салтанатты түрде дипломдар мен кітап-каталогтары тапсырылған.

        Бәрінен бұрын осы салтанатты рәсімнен Каринаның есінде қалғаны, көрермендердің оларға атақты әртістерге көрсеткен сый құрметі сияқты ду қол шапалақтауы еді. Жеңімпаздардың киген жеңіл жейделерінде сайыстың логотипі бейнеленген Каринаның «Жібек жолы» суреті еді.

        Ресми бөлім соңында, осы рәсімнің басты қатысушылары мен қонақтарына Андал бағы мен Дараль-Махзен корольдік сарайы мен Воскресения Христова шіркеуі бар, үлкен мешіт және Марроко өнер мұражайы сондай-ақ көптеген сәулетті ескерткіштер шоғырланған ескі Рабат қаласы ішіне саяхат ұйымдастырылды.