ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Баланың тәрбиесінде отбасының рөлі
15-03-2018 21:18
Баланың тәрбиесінде отбасының рөлі

 

 

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 25 ЖОМ «Баланың тәрбиесінде отбасының рөлі» атты семинар-практикумды өткізді. Мақсаты - оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруі, өзіне жағымды қарым-қатынас, өзін-өзі жүзеге асыруының сондай-ақ әлеуметтік және тұлғалық мәнге іс-әрекеттерде өзін-өзі дамытуда отбасының маңыздылығын жан-жақты ашуы. Семинарға № 2, 19, 20, 22, 24, 25, 29, 35, 38, 39  мектептердің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері катысты.

Семинардың модераторы № 25 ЖОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жанар Бейсенбайқызы Ордабаева болды. Семинардың қатысушыларымен «Сәлемдесу», «Жанұя», «Өтінемін», «Ғажайып сөздер» рөлдік ойындарын, топтарда «Есімдер», «Кір жуу», «Тілек шамы» тәжірибиеге-бағытталған жаттығуларын өткізді. Педагогтер «Қазақ баласын үш-ақ сөзбен тәрбиелеген», «Балалар көргенін істейді», «Өмір жайлы жеті ақиқат», «Ата-аналар өз балаларыңызға сеніңіздер» атты бейне сюжеттерді қарады және талқылады.

Семинардың әдістемелік ұсыныстары, тәжірибеге-бағытталған жаттығулары, рөлдік ойындары, аудио және видео материалдары қаланың жалпы білім беру мектептеріне жіберілді.