ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу
16-03-2018 09:46
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу

Павлодар қаласының № 43 ЖОМ негізінде «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктері» атты қалалық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты - оқу үрдісін ұйымдастырудағы жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу.  Семинарға қаланың жалпы білім беру мектептерінің  20-дан аса қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.

Семинар модераторы - мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Самал Қасқырбайқызы Әубәкірова болды. Қалалық шығармашылық топ жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б. Е. Мұқажанова жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын ұсынды, сонымен қатар, тәжірибе жүзінде қолданылуға арналған шығармашылық топ жасаған жұмыс дәптерімен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж. Т. Мүрсәлиева өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың оқу сауаттылғын қалыптастыру үшін оқу процесін ұйымдастыруда  қолданылатын әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Семинардың практикалық бөлімінде мұғалімдер 5-сыныпта  «Компьютердің пайдасы мен зияны»  атты тақырыпта өткізілген ашық сабақты бақылады. Сабақты қазақ тілі мен  әдебиеті мұғалімі А. Е. Абильдинова өткізді. Сабаққа жан-жақты талдау жасалды.

Семинар қатысушылары жасаған ұсыныстары қаланың жалпы білім беру мектептеріне жіберілді.