ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ведомствоаралық қарым-қатынасы
16-03-2018 09:49
Мектептің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ведомствоаралық қарым-қатынасы

2018 жылғы наурыздың 15 «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша заманауи мектептің ведомствоаралық қатынастың тиімді бағыттары» атты облыстық семинарда облыстың білім беру мектептерінің директор орынбасарлары мен салауатты өмір салтын үйлестірушілері тарабынан Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-ның  тәжірибесі ұсынылған болатын.

Семинарда мектептің № 3 поликлиникасымен, Инновациялық Еуразиялық университетімен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен, ТЖ Департаментімен, Тәжік-Ауған шекарасында қарулы қақтығыс локальді әскердің әскери Одағымен, «Самал» сауығу орталығымен, СӨС қолдау орталығымен, облыстық нашақорлық диспансермен, Павлодар ОПНД дағдырыс орталығымен, Альпинизм мен тасқа өрмелеу федерациясымен, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік санатын жоғарлату институттың «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен бірігіп атқарылған жұмысы ұсынылды.

Семинар барысында денсаулық нығайтатын заманауи білім беру ортасында денсаулық сақтау технологиясын енгізу бойынша, № 41 мектеп негізінде ведомствоаралық көпжақты әскери-патриоттық тәрбиедегі қатынас, инклюзивті білім беру жағдайында білім беру орталығының мазмұндылығы жөнінде мамандар тәжірибемен алмасты.

Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылардың жұмысы 22 секцияда көрсетілді. Дөңгелек үстелде ата-аналардың қатысуымен дұрыс тамақтану мәселесі, ғаламтордың психологиялық тұрғыдан дамуына тигізер әсері, үрейді жеңу жөнінде сұрақтар талқыланды. Су мен су қоймасындағы қауіпсіздік, арнайы медициналық топ оқушыларының қатысуымен мүсінді түзеу, гепатитті, зиян қылықтарды алдын алу туралы тәжірибелік сабақтар  жүргізілді.

Семинар қатысушылары үшін  8 - 11 сынып оқушылары құрамында мектептің «Жастар денсаулық таңдайды» насихаттау тобы өз бағдарламасын ұсынды.