ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Махамбет оқулары туралы
16-03-2018 12:14

  2018 жылғы 16 наурыз күнi № 25 жалпы орта бiлiм беру мектебiнде (Майра көшесі 49/2) «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Махамбет оқулары» қалалық кезеңі өткiзiледi.
Оқуларының мақсаты - оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу, қазақтың батыр да тарлан ақыны - Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Биыл Махамбет оқулары сайысы 3 аталым бойынша өткiзiледi:
         «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» Махамбет шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинацияда оқушы өлеңдерiнiң саны мен көлемiне, сапасына, яғни мәнерлеп оқуына көп назар аударылады.
         «Ұлыарман» – Махамбет Өтемісұлы күйлерiн орындаушылар сайысы.
         «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындар сайысы, яғни оқушы өз өлеңiн, күйiн қазылар алқасының назарына ұсынады.
         Сайыстың жеңімпаздары облыстық кезеңде қатысады.
Тел. 322343, 87056099752

Павлодар қаласы білім беру бөлімі