ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сирек кездесетін экспонаттар көрмесіне бару
19-03-2018 16:48
Сирек кездесетін экспонаттар көрмесіне бару

2018 жылғы наурыздың 15 күні Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектеп оқушылары алғашқылардың бірі болып, Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайымен ұйымдастырылған, «Ғұлама тағылымы» көрмесіне барды.

Оқушылар үлкен қызығушылықпен ғалым, ойшыл және ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбаларының түпнұсқаларымен танысты, ақынның жеке заттарын көрді - құран, қоржын, былғарыдан жасалған белбеу, әмиян, ақша белгілері, көзілдірік, темекі сауыт және. Барлық экспонаттар Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің ғылым Комитетінің «Ғылым ордасы» сирек кездесетін қолжазбалар қорынан, сондай-ақ Баянауыл ауданы Ескелді шатқалында орналасқан, ақынның мемориалды мұражайынан әкелінді.

«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазған очерктері мен жарияланымдары «Дала уалаяты» газетінде, «Айқап» журналында басылып шықты. Қазақ халқының осы ұлы адамы өз жерлестері арасында құрмет пен беделге ие болған, өз білімі мен дарындылығы үшін араб тілінен лайықты, атақты ретінде аударылатын, Мәшһүр атын алды», - деді Бұқар Жырау атындағы мұражайдың әдебиет бөлімі меңгерушісі Ербол Каиров.

Бүгін оқушылар шығармашылық мұрасы Қазақстанның қоғамы мен әдебиетінде лайықты орынға ие болған, өзінің бар өмірін қазақ халқының ағарту ісіне арнаған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегін біле алды, деп атап өтті мектеп директоры Зауреш Ахмадова.