ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдердің көптілділік бойынша үздік әдістемелік құралдары
19-03-2018 18:17
Мұғалімдердің көптілділік бойынша үздік әдістемелік құралдары

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2018 жылдың 14 наурызда «Білім берудегі үштілділік бойынша үздік әдістемелік құралдары - 2018» конкурсы өткізілді. Мақсаты - педагог кәсібінің мәртебесін арттыру, кәсіби шеберлігінің өсуіне қолдау көрсету, оқу-әдістемелік, дидактикалық кешендерді құрастыру бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибиені тарату.

Конкурсқа № 1, 2, 4, 7, 9, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 24, 33, 42, Жетекші ЖОМ 42 мұғалімдердің 29 жұмысы мәлімделген. Конкурс жұмыстары Қазақстан тарихы, өзінөзі тану, география, биология, информатика, химия, физика, көркем өнер, «Введение в журналистику» «Түркітану» арнайы курстарынан ұсынылды.

Білім беру үрдісіндегі үштілділікті енгізуді жүзеге асыруға бағытталған жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты, «Ұлттың 100 қадамы» бағдарламасы негізінде құралдар құрастырылды.

Алқалы сараптама комисияның қорытындысының нәтижесі бойынша бағыттардан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

І орынды №33 ЖОМ биология және ағылшын тілінің мұғалімдері К. А. Кусаинова,  К. С. Муканова, С. Ш. Букаева, № 14 ЖОМ мәдениеттану циклының мұғалімдері Е. А. Байцым, Л. В. Иваненко, А. Т. Калыкова, С. А. Одинецкая, №42 ЖОМ қазақ тілінің мұғалімі Г. К. Абенова, Жетекші ЖОМ химия мұғалімі А. Г. Омарова алды.

ІІ орынды № 18, 24 ЖОМ биология мұғалімдері Е. В. Сидорова, Ж. М. Алибекова, № 17 ЖОМ ағылшын тілінің мұғалімдері С. М. Ельшебаева, Д. Ж. Ракулова,   № 14, 16 ЖОМ өзін – өзі тану мұғалімдері Л. В. Иваненко, Т. В. Левашова, физика мұғалімі № 1 ЖОМ мұғалімі Ж. О. Жакиенова, №20 ЖОМ орыс тілінің мұғалімдері  Г. Т. Топанова, Д. С. Баильдинова алды.

ІІІ орынды № 2 ЖОМ информатика мұғалімі М.М. Шампатова, № 11 ЖОМ ағылшын тілінің мұғалімдері А. Ю. Лухманова, Т. А. Энгиноева, №4 ЖОМ биология және ағылшын тілінің мұғалімдері А. В. Выгузова, И. И. Кофтанюк, № 16 ЖОМ биология және ағылшын тілінің мұғалімі  Е. Л. Чайковская, Е. В. Кубасова, № 13 ЖОМ тарих мұғалімі Л. Ж. Аскарова алды.

Үздік құралдармен К. А. Кусаинованың, К. С. Муканованың, С. Ш.  Букаеваның 9 - 11 оқушыларына арналған «Биология үш тілде оқыту» электронды оқулығы деп танылды. Құралға орыс, қазақ және ағылшын тілінде терминология, бейнероликтер, сөзжұмбақтар, тесттер, сызбалар, кестелер енгізілген.

Орыс тілі оқытуымен мектептердің оқушылары үшін Г. К. Абенованың «Түркітану» біріктірілген арнайы курсы (Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті мен қазақ тілі) үздігі деп есесптелді. Құрал сабақ конспектілерінен жасалынған, оларда әзірленген деңгейлік тапсырмалар бар.