ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық музыканың қайнар көзіне тарту
20-03-2018 09:56
Ұлттық музыканың қайнар көзіне тарту

Наурыз мейрамы қарсаңында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі екі күн бойы № 115 балабақшаның бүлдіршіндеріне естен кетпес мерекелік концерт қойды. Мақсаты - ұлттық музыканың қайнар көзіне тарту.

Жас музыканттардың қолдарындағы қазақ ұлттық аспаптарын сыйқырлықпен ойнап тұрғандай. Бүлдіршіндер Нұркен Айшаның орындауындағы жетігеннің әдемі сазын тамсана тыңдады.

Бейсенхан Толғанай, Шекербаев Адильжан Құрманғазының «Бос шолақ», А. Райымбергеновтың  «Секіртпе» күйлерін орындап, залды домбыраның сыйқырлы әуенімен баурап алды.

Оразова Дананың орындауындағы «Балқадиша» әнінде қобыздың әуені кішкентай тыңдаушылардың жүректеріне жеткендей.

Калел Рамазан және Имангулов Арғын балаларға «Домбыраның күмбipi» және «Ақ тілек» әндерін сыйлады.

Барлық өнер көрсеткен оқушылар музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетті. Керемет музыка ешкімді бей-жай қалдырмады, жас көрермендер орындаушыларды ду қол шапалақтап алғыстарын білдірді.