ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мықты отбасы» халықаралық пилоттық бағдарлама бойынша сабақтары
20-03-2018 10:05
«Мықты отбасы» халықаралық пилоттық бағдарлама бойынша сабақтары

Есірткі мен қылмыс бойынша БҰҰ басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдік аясында, Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде бір ай ішінде халықаралық «Мықты отбасы» пилоттық бағдарламасы іске асырылды. Мақсаты - жастар арасында есірткі заттарын ерте пайдаланудың және тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдер ортасының рухани-адамгершілік және физикалық сауығуы, сондай-ақ отбасы беделін, отбасы құндылықтарын нығайту.

«Мықты отбасы» бағдарламасына ата-аналарға өз балаларына қолдау көрсетуді үйренуге, отбасындағы тәртіпті тиімді ұстауға, болашақта балаларға оң уәждеме беруге және оларда өз ата-аналарына деген жақсы қарым-қатынасты қалыптастыруға, жастарды күйзеліспен және құрдастары жағынан көрсетілген қысыммен күресуге үйретуге бағытталған арнайы тапсырмалар қосылған.

Жоба жетекшісі Наталья Владимировна Базалик мектеп педагогтары Алена Викторовна Корионовамен, Назира Сабитовна Умиевамен бірге 7 апта бойы ішіне жасөспірім-балаларымен 10 ата-ана қосылған топтармен жұмыс жасады.Ата-аналар мен балалар өздерінің ерекше мәселелерін талқылай отырып және сәйкес дағдыларын дамыта отырып, жеке айналысты. Содан кейін, алған білімдерін тәжірибеде пысықтау үшін олар бірікті және бірлескен тапсырмаларды орындады. Интербелсенді сабақтар ойындар мен пікірталастарды қолданумен ойын-сауық түрінде өткізілді.

Бағдарламаның қорытынды сессиясы 2018 жылғы наурыздың 17 күні өтті, оның қорытындысы бойынша № 36 ЖОМ «Мықты отбасы» бағдарламасына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды, ата-аналарға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ, бағдарлама аясындағы сабақтар Павлодар қаласының № 17, 24, 29 ЖОМ өтті.