ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс өңірі зияткерлерінің олимпиадалық жетістіктері
26-03-2018 12:38
Ертіс өңірі зияткерлерінің олимпиадалық жетістіктері

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада Атырау қаласында 2018 жылғы 15 - 20 наурыз күндері өткізілді.

Іс-шараға еліміздің 14 аймағынан 19 команда құрамында қатысқан 780 оқушының ішінде айтулы халықаралық олимпиадалардың 81 бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері болды.

Сайыста Павлодар облысының намысын қорғаған облыстық олимпиаданың 46 жеңімпаздарының ішінен 21 оқушы 3 алтын, 6 күміс және 12 қола медальды жеңіп алса, 25 оқушы «Дарын»республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20-жылдығына орай грамоталармен марапатталды. Облыс оқушыларының командасы жалпы есепте І орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2018» атағына ие болды.

Қола медаль иеленгендер арасында Павлодар қаласы № 35 ЖОМ 10-шы сынып оқушысы  география бойынша Зухра Қасымжан, мұғалімі Шынар Бекибаевна Асаинова.

Зухра оқу үздігі, география пәнінен мектепшілік, қалалық олимпиадалардың көп мәрте жеңімпазы. 2017 жылғы аймақтық  интеллектуалды марафонның жеңімпазы атанды. «Менің Отаным - Қазақстан»  3 орын (2016 жыл), «Ғылым және шығармашылық» II орын (2017 жыл)  аймақтық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларының  жүлдегері.