ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу сауттылығын қалыптастыру
27-03-2018 16:16
Оқу сауттылығын қалыптастыру

Білім беру мазмұнын жаңартуын енгізу шеңберінде 2018 жылдың 27 наурызда Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразиялық университетімен бірлесіп «Читательская грамотность: оценка метапредметных результатов в рамках  нового стандарта образования» ғылыми-практикалық семинар өткізді. Мақсаты - сауатты оқудың негізгі түрлерімен, оқу сауаттылығын қалыптастыру қадамдарымен, мәтіндерді түсіну деңгейлерімен, оқуды оқытудың стратегияларымен педагогтерді таныстыру.

Семинар жұмысында 170-тен аса педагог, соның ішінде директор орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, бастауыш сынып, қазақ және орыс тілі мұғалімдері, қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Семинар филология ғалымдарының докторы, Инновациялық Еуразиялық университетінің профессоры Амангелді Рақышұлы Бейсембаевпен өткізілді. Педагогтердің назарларына мәтіндердің түрлері, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудағы функционалдық сауаттылықтың қалыптастырудағы бағалу критерийлері ұсынылды.

Семинардың қорытындысы бойынша функционалдық сауаттылықтың негізгі түрін қалыптастыру үрдісіндегі нәтижелі стратегияларды қолдану бойынша қатысушыларға ұсыныстар жасалынды. Айқын түрде берілген оқу дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты табу сияқты, қорытындыларды тұжырымдау, интерпретация және ақпаратты жалпылау, мәтін мазмұнының талдауы және бағасы берілді.