ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас туристердің жетістіктері
28-03-2018 11:21
Жас туристердің жетістіктері

2018 жылғы 21 - 24 наурыз аралығында Астана қаласында Горизонт кубогы үшін XV республикалық жарысы және Қазақстан Республикасының туристік көпсайысы бойынша Чемпионаты өтті. Қазақстанның 150-ден астам туристері қатысты:  жеткіншектер (10 - 14 жас), жасөспірімдер (15 - 18 жас), ересектер (18 жас және одан жоғары), соның ішінде Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері.

Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы командасының құрамын 23 спортшы 6 - 11 сынып оқушылары: «Пирамида», «БЖЭТО», «Вершина», «СЮТур» (жеткіншектер) және «Пирамида» (жасөспірімдер) құрады.

Жарыстың бағдарламасына  күрделілігі әртүрлі санаттағы қашықтықтың 4 түрі енді: «Техникалық», «Командалық», «Бума», «Жеке» және «Спелео».

Жарыстың қорытындысы бойынша «Пирамида» командасы жалпыкомандалық I орынды иеленіп, жасөспірімдер арасындағы абсолютті чемпиондар атанды, жетекшісі Ирина Валерьевна Ридзаускене№

III жалпыкомандалық орынды «БЖЭТО» тәрбиеленушілері иеленді, жетекшісі Владислав Юрьевич Ридзаускас.

I  орынды «Бума» қашықтығында «СЮТур» командасы иеленді, жетекшісі Сергей Николаевич Агалаков.

III орынды «Бума» қашықтығында «Пирамида» жеткіншектер командасы иеленді, жетекшісі Ирина Валерьевна Ридзаускене.

Жеңімраздар кубок, диплом және медальдармен марапатталды. Туристік көпсайысы бойынша Қазақстан кубогының келесі кезендеріне қатысу жоспарлануда.