ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жүзуден жас чемпион
28-03-2018 15:05
Жүзуден жас чемпион

Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОБМ оқушысы жүзуден Қазақстан Республикасы чемпионатының 3 медальдің кезекті иегері атанды. Тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті зақымдалған мүгідек-спортшылар арасында 2018 жылғы наурыздың 23-нен 26-на дейін Қарағанды қаласында жүзуден жылсайынғы чемпионат өтті. 

6 сынып оқушысы Щепов Иван облыстың намысын қорғады. Осы чемпионаттың 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетінін, оның жасы 12-де екендігін атап өткеніміз жөн.

Иван алтын мен екі күміс медальдарын жеңіп алды. Жеке рекорд бойынша 3 қашақтықта 100% нәтиже көрсетті. 2 қашықтықта (100 брасс және 400 еркін түрі) спорт шебері нормативін асырып, оны дәлелдеді. Жас чемпионның бапкері Артем Александрович Морозов.