ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу
29-03-2018 09:19
Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу

Павлодара қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмысы шеңберінде қала мектептерінің мұғалімдерімен  әдістемелік  семинарлар, тренингтер, мастер-класстар өткізіледі.

Осыған байланысты, 2018 жылдың 28 наурызында № 24 мектепте  оқу-тәрбие үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру  ойындары өткізілді. Іс-шараға қаланың 150-ден астам мұғалімдері қатысты.

Модераторлар болдған мектеп мұғалімдері Е. Н. Потарская, И. Н. Садовая, А. К. Долголевец  (№ 43 ЖОМ ), Н. А. Козлова, А. С. Шарипова (№ 4 ЖОМ), Н. К. Антошина,  Е. Н. Андреева (№ 34 ЖОМ), Ж. О. Сарсебаева (№ 2 ЖОМ), Ю. А. Безрукова, С.Б.Толеубаева (№ 42 ЖОМ), Г. Х. Мурадымова (№ 17 ЖОМ), А. М. Валеулина, Р. А. Искакова (№ 30 ЖОМ ), Е.В. Николаева,  К Байшүкір, С. Г. Смагулова (№ 24 ЖОМ), А. А.  Жантемирова (№ 26 ЖОМ ), И. Е. Оспанова,  Л. Ж. Аскарова ( № 13 ЖОМ ), А.З. Ныгманова (№ 22 ЖОМ ), А. Н. Мукатаева (Кенжекөл ЖОМ).

Шараға қатысушылар жеке тұлғаға бағытталған оқыту, Step by step, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникативтік технологияларын  теориялық материалдарды зерделеп, тәжірибеде қолдану және енгізу құралдары бойынша жұмыстар атқарды, педагогтармен жасалған (дайындалған) материалдарды сараптауға қатысты.

Іс әрекетті ұйымдастыру ойындары көптеген мұғалімдер арасында оқыту мен тәрбиелеудің перспективалық бағыттарын белсенді пайымдау, білім берудің жаңа моделін іске асырудың тиімді жолдарын іздестіру үдерісі жүріп жатқанын көрсетіп отыр.

Іс әрекетті ұйымдастыру ойындарының тәжірибелік маңызы туралы ой пікірлері жеке дамуының ішкі мотивациясы (дәлелі), педагогтардың мектепте инновациялық қызметке және кәсіптік құзыреттілігін жетілдірудің жаңа формаларын (тәсілдерін) іздестіруге дайындығы туралы растайды.