Павлодар қаласының балалар мен жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері арасындағы қазақша күрес бойынша облыстық жарысқа «Жеңіс», «Сауран», «Сұңқар», балалар мен жасөспірімдер клубтарының командалары, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, № 33 ЖОМ, Лебяжье ауданы, Екібастұз қаласының командалары қатысты. Облысымыздың 80-жылдығы мен Наурыз мерекесіне арналған жарыс 2018 жылғы 18 наурыз күні № 33 ЖОМ-де өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. Спорт бойынша балалар мен жасөспірімдер орталығының жетекшісі Еркін Шаймарданұлы Макишев № 33 ЖОМ-не ескерткіш сыйлық - күреске арналған 2 манекен, 10 кимано сыйға тартты.
Мектеп командасы құрамында 3 - 7 сыныптардан 20 оқушы өнер көрсетті, оның ішінде I орынды - 4 оқушы, II орынды - 4 оқушы, III орын - 12 оқушы иеленді.
8 сынып оқушысы Уахитов Тамерлан дзюдо бойынша II жасөспірімдік разряды бар, облыс чемпионы, республикалық турнир жүлдегері, Омбы қаласында өткен халықаралық фестиваль III орын иегері (2017, 2018 жылдары).
7 сынып оқушысы Совет Нұргелді дзюдо бойынша I жасөспірімдік разряды бар, қала чемпионы, Омбы қаласында өткен халықаралық фестиваль III орын иегері (2016, 2017 жылдары).
7 сынып оқушысы Мусабеков Ерасыл дзюдо бойынша I жасөспірімдік разряды бар, республикалық турнир жүлдегері мен чемпионы, Омбы қаласында өткен халықаралық фестиваль қатысушысы (2015 - 2018 жылдары).
7 сынып оқушысы Кунанбаев Расул дзюдо бойынша қалалық және облыстық жарыстар жүлдегері (2016, 2017 жылдары).