ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық олимпиадада қала мұғалімдердің табысы
29-03-2018 11:24
Облыстық олимпиадада қала мұғалімдердің табысы

 

 

2018 жылы 28 наурызда  Павлодар қаласының  № 30 ЖОМ жалпы білім беру пәндері бойынша жылсайынғы мұғалімдердің XIV облыстық пән олимпиадасы өтті.Олимпиаданың мақсаты мен міндеті шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді марапаттау және қолдау, кәсіби шеберлікті көтеруге ынталандыру,олардың кәсіби және ақпараттық құзырлық деңгейін айқындау үшін қажетті жағдай құру.

2018 жылы олимпиадаға Павлодар қаласының  жалпы білім беру мектептерінен 32 мұғалім қатысты.Олимпиаданың ерекшелігі екінші жыл бойы математикалық –жаратылыстану бағыттағы пәндер бойынша тапсырмалар ағылшын тілінде енгізілген.

Олимпиада қорытындысы бойынша  № 2, 4, 14, 17, 19, 25, 29, 30, 34, 37, 38, 39, 40, 42 қала мектептерінің мұғалімдері 10 жүлделі орын алды және 4 номинация белгіленді.Олардың арасында 2 жүлделі орын, 5 - екінші, 3 - үшінші. 2017 жылы 6 ұстаз жүлдегер атанды.

Мемлекеттік тілде оқитын орыс тілі бойынша I орынды Павлодар қаласының № 40 ЖОМ ұстазы Жұмабекова Әсия Имангелдіқызы алды.

Орыс тілінде оқитын орыс тілі бойынша I орынды Павлодар қаласының № 17 ЖОМ ұстазы Криворучко Александра Анатольевна алды, II орын - Грыцай Валентина Евгеньевна, Павлодар қаласының № 14 ЖОМ ұстазы.

Биология бойынша II орынды  Павлодар қаласының № 25 ЖОМ ұстазы Кожабаева Гүлжанат Бектұрқызы алды.

Ағылшын тілі бойынша II орынды Павлодар қаласының № 29 ЖОМ ұстазы Туманшина Александра Васильевна алды.

«Успешный старт» номинация иегері  Озыхан Ұлжан Нұрболатқызы, Павлодар қаласының № 37 ЖОМ ұстазы.

Физика бойынша II орынды Павлодар қаласының № 34 ЖОМ ұстазы Лымарчук Лариса Михайловна алды.

III орын – Павлодар қаласының № 19 ЖОМ ұстазы Дигай Айжан,

«Вершина педагогического олимпа» номинация иегері Павлодар қаласының № 2 ЖОМ ұстазы Айтжанова Гүлзия  Әубәкірқызы.

Информатика бойынша II орын Павлодар қаласының № 39 ЖОМ ұстазы Гурина Алевтина Михайловна ие болды, «Вершина педагогического олимпа» номинация иегері Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы  № 4 ЖОМ ұстазы, Медведева Татьяна Федоровна.

Тарих бойынша III орынды, Павлодар қаласының М. Әуезов  атындағы  № 42 ЖОМ ұстазы Купесова Айымгүл Білгібайқызы алды.

География бойынша III орынды Павлодар қаласының № 30 ЖОМ ұстазы Бовина Оксана Николаевна алды.

Математика бойынша «Вершина педагогического олимпа» номинация иегері Павлодар қаласының № 38 ЖОМ ұстазы Үсен Қайыргелдіұлы Оспанов