ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы
29-03-2018 16:53
Оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы

2018 жылғы республикалық олимпиадада Павлодар облысының құрама командасының құрамында № 22, 35, 36, 37, 39 бес жалпы орта мектептің ішінен 9 оқушы қатысты.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада 18 - 24  наурыз күндері Атырау қаласында өтті. Павлодар қаласы № 35 ЖОМ өкілі Зухра Қасымжан олимпиаданың қола жүлдегері атанды. 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 24 - 29  наурыз күндері Қостанай қаласында өтті.

 Олимпиаданың алтын медаль және I дәрежелі диплом иегері неміс тілінен Павлодар қаласы № 36 ЖОМ түлегі Кирилл Панченко иеленді.

Олимпиаданың күміс медаль және II дәрежелі диплом иегері аталған мектептің 10-сынып оқушысы Александр Ковальчук иеленді.

Олимпиада құрамасының үш қатысушысы гуманитарлық бағыттан III орынды иеленіп, қола медалінің иегерлері атанды. Бұл Павлодар қаласы № 37  ЖОМ оныншы сынып оқушылары Қазақстан тарихынан Айдар  Айдарханов және құқық негіздерінен Әдел Құттыбаева, неміс тілінен № 39 ЖОМ оқушысы Фарит Темиржанов. Олимпиада қорытындысы нәтижесінде № 22 ЖОМ түлегі Әнел Серікбаева Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «педагогика және психология» мамандығы бойынша білім беру грантын ұтып алды. Олимпиаданың барлық қатысушылары «Дарын» Республикалық орталығының грамоталарымен мадақталды.

Қаланың жалпы орта мектептерінің қатысушылары Павлодар облысы олимпиадалық командасының жеңісіне елеулі үлес қосты. 9 қатысушының ішінен 7 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізді.

Өз тәлім алушыларын республикалық интеллектуалды жарысқа дайындағаны үшін олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың ата-аналары мұғалімдеріне Қ. Қ. Демеуоваға, Н. Г. Петрицаға (№ 36 ЖОМ), Ш. Б. Асаиноваға (№ 35 ЖОМ), А. Е. Қасымжановаға (№ 37 ЖОМ), Т. Р. Мокроусоваға (№ 39 ЖОМ), М. П. Баядиловаға (№ 22 ЖОМ) алғысын білдіреді.