ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодардың жас дарындары
30-03-2018 09:40
Павлодардың жас дарындары

2018 жылдың 25 наурызында Астана қаласының «Жастар» жастар үйінде «На крылях мечты» атты балалар, жасөспірімдер және ересек жастағы өнерпаздардың  сан қырлы жанр бойынша үлкен өнер додасы  өтті. Бұл -  жас таланттардың өнерін ұштайтын халықаралық деңгейде өтетін фестиваль-сайыс. Фестиваль-сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Беларусь сияқты мемлекеттерден 500-ден аса өнерпаз қатысты. Бұлардың қатарында Павлодар қаласының № 25 ЖОМ-нен 2 оқушысы да бар.

Қатысушылар вокал, би, ансамбль, оркестр, жеке түрлі аспаптарда ойнау сияқты өнердің көптеген түрінен бақ сынасты.  2-сынып  оқушысы Балтабаева Адия мен 6-сынып оқушысы Ахметбек Данияр да фестиваль-сайысқа вокал жанры бойынша қатысты.

 Бойындағы ерекше дарынымен көзге түскен Ахметбек Данияр І орын иеленді. Ол халық әні «Самалтауды» орындады. Бұған дейін Данияр республикалық «Dionis» (2017 жыл) және облыстық «Жаңа жұлдыз» (2017 жыл) сайыстарының гран-при иегері атанған болатын.

 Адия Н. Тілендиевтің «Біз Отанның ұланы» атты әнін орындап, ІІІ орынға ие болды. Бұл Адияның халықаралық деңгейдегі алғашқы жетістігі. Бұған дейін ол облыстық «Жаңа жұлдыз» (2017 жыл) сайысында ІІ орын алған  болатын.

Талапты оқушыларымызды өнерге баулып жүрген мұғалімі Асылбекова Назигуль Кырыкбаевна.