ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ғылым құпияларын бағындырамыз
30-03-2018 18:01
Ғылым құпияларын бағындырамыз

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту мен балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2018 жылғы 29 наурызда № 34 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары қалалық байқауы өткізілді. Мақсаты - оқушылардың зерттеу қабілеттері мен зияткерлік-шығармашылық әлеуеттерін жетілдіру мен дамыту.

Байқауға 32 жалпы білім беру мектептерінен 1 - 4 сыныптың 196 оқушысы 183 жоба ұсынды, оның ішінен 72 мемлекеттік тілде және 111 орыс тілінде. № 17, 21, 26, 37, 39 ЖОМ оқушыларымен 10 астам жоба ұсынылды.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарын қорғауы 4 бағыт бойынша 11 секцияда өтті. Байқауға әртүрлі қызығушылығы бар балалар қатысты. Олардың зерттеулері бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғады.

Байқау қорытындысы бойынша 102 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 18 оқушы, II орын - 36, III орын - 48 оқушы.

«Әлемдегі барлық нәрселер» секциясы бойынша I орынға № 26 жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушысы «Неге біз жылаймыз? Көз жасы қайдан пайда болады?» атты ғылыми жобамен Иваненко Алина ие болды.

«Қарапайым нәрселерден ғажайып» секциясы бойынша № 33 жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушысы Парфенович Ярослав «Компьютердің пайдасы» өз жоба тақырыбының тереңділігін ашып I орынды иеленді.

Математика секциясының 10 жұмысы арасында № 2 ЖОМ 4 сынып оқушысы Бекей Қыдырали «Жылдам  ауызша есептеудін тиімдіәдістері» атты тақырыбымен бір ауыздан ең үздік жұмыс деп танылды.

Жас өлкетанушы № 35 ЖОМ 2 сынып оқушысы Абай Ансар «Әлемдік бренд - «Қаз қонақтың» маныздылығы» өз жоба тақырыбын ең жақсы аша білді.

Барлық байқау қатысушыларына сертификаттар беріліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдары табысталды.

Сайыс қорытындысы бойынша ең көп жүлдегерлер келесі мектептерде № 26 (8), 39, 22 (6), 21, 14, 5, 17 (5), 4, 9, 19, 29, 33, 34, 37 (4).

Байқауға қатысу жас талантты зерттеушілерге зияткерлік-шығармашылық әлеуеттерін дамыту жолындағы тағы бір бапалдақ және ғылым әлеміне алғашқы қадам болып табылады.