ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шексіз музыка аумағы
02-04-2018 09:59
Шексіз музыка аумағы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі оқушылары көктемгі каникулда «Территория музыки - без границ» ІХ халықаралық фестиваль-конкурсына қатысты. Конкурс наурыздың 25 - 27 аралығында 7 - 18 жастағы 400-ден аса баланың қатысуымен Санкт-Петербург қаласында өтті. Мақсаты - Ресейдің түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шетелдерден - осы мәдениетті жеткізетін ең талантты және жарқын орындаушылар мен қатысушыларды анықтау.

Фестивальге Өзбекстан, Башқұртстан, Сургут, Вологда, Мәскеу, Уфа, Реж, Новосібір, Стрижевск, Раменское, Санкт-Петербург қалаларының балалары қатысты.

9 - 17 жастағы 25 оқушы құрамындағы музыка мектебінің командасы конкурста лайықты өнер көрсетіп, кәсіби дайындық деңгейлерін көрсетті. Тыңдаушылар педагогикалық еңбектері мен орындаушылардың кәсібилігін бағалап қана қоймай, домбыраның сазды әуенін рахаттана тыңдауға мүмкіндік алды.

І орынды «Серпін» домбырашылар ансамблі иеленді, жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова, жеке орындаушылар - Бакытова Айшат, Қаратай Нұрбол (педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев), Хамит Ниязбек (Берик Кошанбаевич Ишанкулов), Солтангали Нуржан (Гаухар Аргыновна Абжанова), Зекен Думан (педагогы Кайшанов Нурлан Бакытович), Аубакиров Айдос (Берик Кошанбаевич Ишанкулов).

ІІ орынды домбырашылар ансамблі иеленді, жетекшісі Нурлан Бакытович Кайшанов, жеке орындаушылар - Самат Зарина, Жүсіпбек Жулдызай (педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев), Женыс Сайя (Бауыржан Болсынгазиевич Кайырбеков), Зейноллаев Ерсултан (Нурлан Бакытович Кайшанов), Исамбаева Тамила (Гульмира Зетхановна Тезекбаева).

ІІІ орын алғандар Жумабай Диас (педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев), Борамбай Әйгерім (педагогы Нурлан Бакытович Кайшанов), Сейтказина Аружан (Людмила Дмитриевна Романова), Сактасынова Арай (Куаныш Мейрамович Ермекбаев).